"Союз-ТМА-12" пилотты кораблінің түсірілетін аппаратының қонуы айтар жоқ табысты болды - Роскосмос

"Кейінгі екі қону да баллистикалық жағдайда өткендіктен, біз осы жолы да қатты алаңдаған едік. Бірақ бәрі айтар жоқ табысты өтті. Аппарат дәлме-дәл уақытта келіп қонды. Мұндай табысты қонуды мен білмеймін. Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде ", - деді А. Перминов.

Роскосмостың хабарлауынша, Сергей Волков пен Олег Кононенконың экипажы бірегей операцияны жүзеге асырып, жоспардан тыс ашық ғарышқа шағып, пиротехникалық патронды алуды іске асырды. С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорациясы мамандарыынң пайымдауынша, осының алдындағы "Союза ТМА-11" экипажының баллистикалық қонуына дәл осы патрон әсер еткен".

2008 жылдың 24 қазанында Мәскеу уақытымен 4 сағат 16 минут 18 секундта "Союз ТМА-12"кораблі Халықаралық ғарыш станциясынан бөлініп, дербес ұшу режиміне көшті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана уақытымен сағат 09.36-да бүгін "Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 90 шақырымға белгіленген ауданға келіп қонды.

"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.

Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.