Қазір айлақтың 254 алаңында пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. "Союз-ТМА-5" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясында 6 айдай жұмыс істеген Геннадий Падалка мен Майкл Финктің орнына 10-шы негізгі экспедиция құрамындағы халықаралық ғарышкерлер экипажын жеткізеді. Экипаж құрамында Ресейлік Сәлижан Шәріпов пен АҚШ-тық NASA ғарышкері Лерой Чиар бар.
"Союз-ТМА-5" пилотты ғарыш кемесін ұшыру 9-қазанға межеленген.
Сондай-ақ, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ғарыш айлағына "АМС-15" ғарыш аппараты - АҚШ телекоммуникациялық жер серігі жеткізілді.
95-алаңның монтаждау және сынақ ғимараттарында "АМС-15" ғарыш аппараты мен "Протон" зымыран тасығышын ұышырылымға дайындау жұмыстары басталды. "Протон" зымыран тасығышы "АМС-15" ғарыш аппаратын 15-қыркүйекте жер орбитасына алып ұшады деп жоспарланған.