"Союз-У" зымыран тасығышын "ұшыру үстелінде" тігінен орнату жөнінде шешім 11 мамырда өткен мемлекеттік комиссияның отырысында жүк кемесі мен ұшыру кешенінің, зымыранның дайындық жұмыстарын жүргізген топ жетекшілерінің жасаған баяндамасына баға берілгеннен соң қабылданды.
Бүгін сағат 07.00 112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан "Союз-У" зымыран тасығышы темір жол платформасына шығарылып, ұшырылым кешеніне жеткізілді. Содан кейін №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысында тігінен қойылды.
Зымыранға қызмет көрсететін фермалар қостырылған. Ғарыш айлағының мамандары ұшырылымның бірінші күнінің дайындық жұмыстарының кестесі бойынша жұмыстарға кірісіп, жер үсті кешенін зымырамен түйістіруде. Түйістіру жұмыстары аяқталғаннан кейін зымыран тасығышы мен ғарыш аппаратының жүйелері тексерілетін болады. Ұшырылымға дейін мамандар үш тәулік бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерінің қорытынды тексерулерін жүргізеді.
17-ші экспедиция экипажына арналған жүк тиеген "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесін "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 15 мамыр күні Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минут) ұшыру жоспарланған.
"Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар, Халықаралық ғарыш станциясына 8 сәуірде ұшқан 17 экспедиция экипажының шығындық материалдары.
Сондай-ақ, ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 90 грузин ұлуын жеткізеді. Оларды вестибулярлық аппарат пен ұлпа жасушасының регенерациясына салмақсыздықтың етер әсері бойынша тәжірибеден өткізетін болады.