Сөз бостандығының бұзылуын анықтау мониторингі - "Әділ сөз"

Қазақстанда шілде айында "Әділ сөз" жүргізген сөз бостандығының бұзылуын анықтау мониторингісі шеңберінде 84 хабарлама тіркелген.


           Бейсенбіде қордан таралған хабарламада атап өтілгендей, "Уральская неделя" журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасағандарға үкім шығарылды; "Республиканың" бұрынғы қызметкерлері белгісіз бір тұлғалардың қорқытқандарын мәлімдеген.
           Риддер қаласында діни араздықты қоздырды, деп айып тағылған журналист Александр Харламовке қатысты сот талқысы басталды, ал типографиялар болса бұрынғыдай "ADAM reader’s" журналын басудан бас тартуда.
           Ақпаратқа қарағанда, БАҚ мен азаматтар сөз бостандығы құқын пайдаланғандығы үшін іскерлік беделге нұқсан келтіруге, ар-ожданды қорғауға қатысты 43 кінә тағылып, қуғынға ұшыраған. Оның жалпы сомасы 2 млрд 391 млн 315 мың 2 теңге.