"Сөз де ереді, көз де тиеді": Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы

Ол жылдар бойғы достыққа күні бүгінге дейін сызат түспегеніне риза болған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Баян, Бағым, Бәтес - Рүстем екеуміз үшін бүгінгі инстаграм-әлем емес! Бұл адамдар-біздің жастығымыз! Музыкалық ортамыз, шығармашылық оазис. Әр қайсымыз өз жолымызбен жүріп, Құдай салған-біз көнген тағдырды көтеріп келеміз. Сөз де ереді, көз де тиеді…бұл өмір ғой…

Баян медиада әріптес болып жүріп,бір күні менің жақын досымның құдағиы болатынын кім білген?! Әлішер мен Айсәуленің құдалығы,тойы бәрін бірге атқардық. Қайғыда да бірге болдық.

Елемейін десең де артыңа қарап,біраз белден асқаныңды мойындайсың. Ендігі жерде жаңа дос табамыз ба,таппаспыз ба…бірақ, жас кезіңде тапқан достар ыстық болары сөзсіз! Себебі менің жүрегімнің бір парасы-оларда,олардың жүрегінің бір бөлшегі-менің жүрегімнің түбінде! Әлішер-Айсәуле,бақытты болыңдар!", - деп жазды ол.