Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады.
Бір айдан соң 50 отбасына арналған жекеменшік үйлер берілмекші. Келесі жылы үй кезегінде тұрған тағы 20 жанұя баспаналы болады екен. Бірақ шолаққорғандық мүгедек отбасыларға осы екеуі де бұйырмайын деп тұр.
"Салынып жатқан үйлерден бере алмаймыз. Себебі, қазір үйлеріңіз бар. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен басқа кеңейтілген үйлер сатып алуға мүмкіндік қарастырайық" деп айтқан уәдем бар. Ол азаматтардың мүгедектігін ескеріп, жер үйге ауыстыруға әрекет жасап берейік дегенмін" дейді М.Исаев.
Естеріңізге салсақ, Caravan.kz тілшісі сәрсенбі күні әлеуметтік желіде апатты үйде адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан мүгедектердің видеосы тарағанын хабарлаған еді. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің өте қиын халдері туралы баяндаған.
Олардың Шолаққорғанның тұрғындары екені анықталды. Қазір жеті отбасы (әрқайсысында 2 мүгедектен) болып тұрып жатқан екі қабатты ескі үйлері апатты жағдайда. Оны осы мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті әкімдік осыдан бес жыл бұрын уақытша деп берген. «Ал енді жаңадан үйлер түсіп жатса да, бізге дұрыс баспана беретін емес. Тіпті бізді базадан шығарып тастапты. Үй кезегінде 39-шы боп тұр едім, енді ол да жоқ. Күйеуім тас соқыр» дейді мүшкіл халдегі жанұялардың бірінің отанасы Гүлзия Сыздықова.