Шымкенттегі университеттердің бірінде биология пәнінен талай жыл бойы дәріс беріп келген оны бірнеше ай бұрын жұмысынан шығарып жіберген екен. Осыдан кейін көп ұзамай әйелімен де ажырасқан. Алайда 4 және 2 жастағы бүлдіршіндердің жұбайымен бірге кеткеніне қапаланған ол Шымкентте жүрген ұлдарын артынан іздеп барып, шалғайдағы Созаққа алып кеткен. Осы жерде балаларын пышақтаған соң үйін өртеп, өзін де өлтірмек болыпты. Бірақ қос ұлын қиналмай бауыздаған қанышер әке өз-өзіне қолы батпай тірі қалды.
- Балам ұйықтап жатқан кезінде шалқалап, пышақты өткірлеп қайрап алдым. Қарапайым пышақ. Сөйттім де жүрек тұсынан бір ұрдым. Тартып жібердім.
– Қай жағынан тартып жібердің?
– Тамақтан.
– Тамақтың астынан ба?
– Бірінші қай балаңды өлтірдің?
– Үлкенін.
- Жаңағы Нұрбақытты ғой?
– Иә, бірінші үлкенді, сосын кішкентайымды. Сосын өзіме пышақ ұрдым.