Сөзге келіп қалған 56 жастағы бөтелкелесін ұрып өлтірген

Жас жігіт 56 жастағы ер адамды өлтірді деп күдіктелуде. Ер адамның мүрдесі Екібастұздағы пәтерлердің бірінен табылды.

Белгілі болғандай, ересек адам мен жас жігіт бірге ішімдік ішкен. Кейін екеуі сөзге келіп қалады.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.