S&P агенттігі 2015 жылы теңгенің құнсыздануы мүмкін екенін жоққа шығармайды


Бұл туралы халықаралық Standard & Poor's (S&P) рейтинг агенттігі Мемлекеттік қаражат рейтингі тобы директорының орынбасары Карен Вартапетов мәлім етті.
«Біздің базалық сценариіміз бойынша, экономикада қордаланып қалған теңсіздіктерді реттеу үшін Ұлттық банкке теңге бағамын өзгерту қажет болмақ. Егер Ұлттық банк осы проблемаларды шешуді ойлайтын болса теңгені биыл девальвациялауы мүмкін», - деді К.Вартапетов берген сұқбатында.
«Жалпы, девальвация биыл болады деп есептейміз», - деп қосты ол.
Бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев теңге күрт құнсызданбайды деп уәде берген болатын.