S&P агенттігі Қазақстанның рейтингтік болжамын «жағымсыз» деп өзгертті

Бұған елдегі экономикалық болжамдардың нашарлауы мен монетарлық саясат тиімділігінің төмендеуі түрткі болған көрінеді.

Қазақстанның ұзақ мерзімдік рейтингі «BBB+» деңгейінде.

«Қашаған кенішінде мұнай өндіру процесінің кідіруіне немесе ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін құрылымдық реформалардың жасалмауына байланысты экономикалық өсім бұрынғы болжамдардан төмен болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Агенттік 2014 жылы Қазақстанның ІЖӨ-і 4,5 пайызды құрайды деген болжам жасап отыр.