Спартакиада жүлдегерлері марапатталды

Министрлік бойынша барлығы 14 қызметкер марапатталды. Олардың ішінде стритбол бойынша бірінші орынды жеңіп алған қыздар командасы мен екінші орынды иемденген волейболшылардың қыздар командаларының мүшелері бар. Екі команданың да капитаны - министрліктің Құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры Елена Маличева. Ал Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Жантөре Көбейсінов бастаған волейбол командасы спартакиадада екінші орынға ие болды.