Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысады.
«Алтын үкі - 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: «әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар. Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында «осында бесінші рет өткізіліп отырған мергендер өнерінің Орталықазиялық форумында барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», - деп атап өтті.
Биыл Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. 19 шілдеге дейін барлаушыларға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын
16 жаттығуды орындауға тура келеді.
«Алтын үкі-2014» жарысының қорытындысы 19 шілдеде шығарылады.
Жарыстың салтанатты ашылуынан соң барлау топтары жауынгерлік тапсырмаларды орындау аумағына аттанды