Қолдарына түрлі транспорант ұстаған студенттердің шеруі үшін тіпті, көшедегі көлік қозғалысын да тоқтатуға тура келіпті. Атаулы шараға орай, арнайы шағын машина әзірленген. «Баги» атты көліктің соңынан ілескен жастар шеруі орталық алаңға дейін жетіп, мұнда «Ғасыр дертімен күрес» символын түзегендер аспанға шар ұшырды. Жастар осылайша күш алып келе жатқан әлеуметтік кеселден сақтану керектігін тағы бір мәрте жұрттың жадына салуды көздеген.