"Экспедиция СПИД-ке қарсы күреске әлем елдерін жұмылдыруды көздейді",- деді Йоахим Франц баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, экспедиция биылғы жылдың 25-маусымында Ганноверден шыққан. Германия - Польша - Беларусь - Ресей - Қазақстан - Қырғызстан аумақтары арқылы өетін осынау экспедицияға қатысушылардың ақырғы мақсаты - Тянь-Шаньдағы Жеңіс шыңына өрмелеу. Шың басына СПИД-пен күрестің және экспедицияның нышандық белгісі іспетті алқызыл шүберек гүл байланады. Бұл белгіге экспедиция басып өткен елдердің үкімет басшыларының қолы қойылған.