СПИД-пен күрес жобасын басқарушы аймақтық тобының кеңсесі Алматыда орналасады

"Бүгін қол қойылған келісімде жобаны басқарушы аймақтық топтың еліміз аумағында орналасу және жұмыс істеу шарттары қарастырылған. Қазақстанда жобаны басқарушы аймақтық топ халықаралық ұйым ретінде жұмыс істейді, ұйымның кеңсесі Алматыда орналасады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жобаны басқарушы аймақтық топ 2005-жылдың қазан айында құрылған. Жобаны басқарушы аймақтық топ - атқарушы орган. Ол Орталық Азиядағы СПИД індетімен күрес жобасының аясында 2005-жылдың 12-мамырында Алматыда Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен Халықаралық даму қауымдастығы арасында қол қойылған даму мақсатына арналған грант жөніндегі келісімді жүзеге асырады.

"Басты мақсат - ВИЧ пен СПИД-тің таралу қарқынын бәсеңдету, Орталық Азия аймақтық СПИД қорын құру, СПИД-пен күрес мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелер, бейресми ұйымдар мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті