Спикер бастаған сенат өкілдері халықаралық коллоквиумға қатысу үшін Парижге аттанып кетті

Өкілдер құрамына сонымен бірге үкімет мүшелері, даму институттары мен ұлттық компаниялардың жетекшілері енді.

Сапар бағдарламасына сәйкес Н.Әбіқаев Франция сенатының төрағасы Кристиан Понселемен кездеседі деп күтілуде.

Коллоквиум өткізу туралы бастаманы Франция сенаты көтерген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.