Бұл туралы ішкі саясат бөлімінің қалалық ақпарат секторы мәлімдеді.
«Семей қаласының тұрғындары ядролық сынақтардан зардап шекті. Семей түбінде ядролық сынақ жүргізіле отырып, КСРО ядролық қалқаны құрылды.
«Біз, спорт ардагерлері, осы кезеңнің бар тауқыметін тарттық, парламент депутаттары мен президент алдында Семейге Қаһарман қала атағын беруді сұраймыз» - делінген ардагерлердің мәлімдемесінде.
Бұл мәлімдемені облыс пен республикаға танымал Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жаттықтырушысы Ром Ильматов, Қазақстанның бокстан бірнеше дүркін чемпионы Марат Ысқақов, КСРО бокстан халықтар спартакиадасының қола жүлдегері Тахир Тұрсынханов, Қазақстанның ардагерлер арасында пауэрлифтингтен чемпионы Владимир Бабичев секілді спорт ардагерлері және өзгелер қолдады.