«Sport KZ 1» телеарнасы Қазақстан-Әзірбайжан құрамалары арасындағы футбол матчын тікелей эфирден көрсетеді

деп хабарлады ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Тартысты ойында Астана уақыты бойынша 21:00-де тікелей эфирден тамашалауға болады.

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамасы бұған дейін ағымдағы жылдың маусым айында елордада кездескен болатын. Сол жолы еліміздің құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Ыстамбұлда Түркия құрамасымен кездесу барысында еліміздің бірқатар футболшысы жарақат алған болатын. Бүгінгі матчта олар, атап айтқанда Мұхтар Мұхтаров, Генрих Шмидтгаль және Таңат Нөсербаевтар әзірбайжандықтармен қарымта ойында өнер көрсете алмайды.

«А» тобында өнер көрсететін біздің құрама осыған дейін 7 кездесу өткізіп, ең соңғы орында 3 ұпаймен тұр. Ал жалпы есепте 8 ойында 24 ұпай жинаған Германия құрамасы көш басында. Одан кейінгі орындарға Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан құрамалары орналасқан.