Спорт мектебінің бұрынғы директорына қаржыны талан-тараж етті деп күдік тағылды - ОҚО

Шымкентте ОҚО ауыр атлетикадан олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бұрынғы директорына мемлекет қаржысын талан-тараж етті деген күдік тағылды, деп облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


           29 тамыз күні спорт мектебінің бұрынғы директорының үстінен спорт жабдықтарын сатып алуға бөлінген 1,9 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын талан-тараж ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.