Бірақ тас-қамал қорғаныс пен шапшаң шабуыл ұйымдастыра білген скандинавиялықтар оңай қарсылас емес. Оған қоса бес сағат айырмашылығы біздің футболшыларға ауыр соғуы да мүмкін. Алайда “Ақтөбе” бапкері клуб алдында қалайда плей-офф кезеңіне шығу жүктелгенін жеткізді. Қазірде “Ақтөбенің” сұрмергені Сергей Давыдов жарақатына байланысты алаңға шығуы екіталай. Маңызды бәсеке алдында соңғы дайындықтарын өткізіп жатқан Ақтөбеліктер қорғанысқа аса мән біріп, қарымта шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. “БРИ ДАБЛИК” пен “Ақтөбе” арасындағы кездесу астана уақытымен түнгі сағат 2-де басталады.
Мадридтық “Реал” АҚШ-та өткен халықаралық жолдастық турнирдың жеңімпазы атанды. Карольдік клуб финалда Жозе Моуринью баптайтын лондондық “Челсиды” 3:1 есебімен ойсыратты.
Кездесудің 13-ші минутында “Реал” қорғаушысы Марсело есеп ашты. Көп ұзамай лондондықтар Рамирестің көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Үзіліске дейін айып добын шебер орындаған Криштиану Роналду мергендігімен көзге түсті. Екінші таймның 57-ші минутында Роналду бұл бәсекеге нүкте қойды. Бұл Карло Анчелоттидың “Реал” бапкері болып тағайындалғалы жеткен тұңғыш табысы. Ал бұл турнирдың үшінші орын үшін, өткен ойынында “Лос-Анджелес Гэлакси” 1:0 есебімен “Миланға” жол берді.
Испанияда көпкүндік “Тур Бургос 2013” турниры жалауан көтерді. Бұл байрақты бәсекеден шет қалмаған “Астана” командасының өкілдері де бірінші кезеңде жүлдеге ілікті.
Жарыс жолын сәтті бастаған “Астана” велошабандоздары көмбеге санаулы шақырымдар қалғанда өз шеберлігін дәлелдеді. Отандық клубтың италиялық өкілі Симоне Понци бірінші кезеңнің жеңімпазы атанда. Екінші болып мәреге Даниэле Ратто жетсе, үштікті ресейдің “Катюша” командасының өкілі Сергей Чернецкий түйіндеді. Испания жеріндегі бұл дода тамыздың 11 күні мәресіне жетеді.