СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Енді араға апта салып  Киевте өтетін қарымта матчтың нәтижесін күтетін боламыз. Осы күні   Грузияның  белді клубы «Динамо» Тбилисиде  «Тоттенхэмнен» 0:5 есебімен  жеңіліс тапты.   Мына сіздердің назарыңызға ұсынылған бәсекеде  Қазанның «Рубині» сырт алаңда   2:0 есебімен Норвегияның «Мольде» клубынан басым түсті. Бұл ойындағы қос голды да Саломон Рондон салды.  Осы күні Краснодарлық «Кубань» өз жанкүйерлері алдында    голландиялық «Фейенордтан» алда болды. Мұндағы есеп 1:0.

 

 

Шайбалы хоккейден ел кубогы жолындағы кездесулер  соғылған голдарға бай болып шықты. Нәтижелі ойындардың бірі Павлодардың «Ертісі» мен Өскеменнің «Торпедосы» арасындағы матчта тіркелді.

Сылбыр басталған бәсекенің бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Дегенмен гол нөпірі көп күттірген жоқ. Үзілістен шыққан бойда  Андрей Подконицки мергендік танытса,  кезекті бір  комбинацияны голға асырған  Кари Сихвонен есепті еселей түсті. Лезде жауап қайтарған өскемендіктер  қанша күш салса да одан әрі   «Ертістің» екпініне шыдамады.  Не керек  матч соңына дейін тағы алты  шайба соққан павлодарлықтар 8:1 есебімен жеңіске жетті.  Басқа кездесулерге тоқталсақ,  Теміртаудың «Арыстаны» рудныйлық «Горняктің» қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Ал  Көкшелік «Арланмен» жолы түйіскен «Алматы» 6:1 есебімен ойсырай ұтылды. 

 


 

Ертең «Үлкен құрық» аясындағы жылдың соңғы додасы,  көпкүндік супервеложарыс «Вуэльта» жалауын көтереді.    Галисия корольдігінен  шыққан велокеруен  үлкен доданы 15-қыркүйек күні Мадридте аяқтайды.  Осымен 38- мәрте өткізілетін әйгілі жарыстың  бәйгесінен  отандық клуб  «Астананың» саңлақтары да  үмітті.

«Вуэльтада» капитандық белгіні   италиялық велошабандоз Винченцо Нибали тағып шығады.  Керек кезінде капитанның қасынан табылатын серіктері қатарында тағы екі италиялық бар. Олар  Паоло Тиралонга мен Алессандро Ванотти. Сондай ақ  айтулы додаға даниялық Якоб Фульсанг , словениялық Янец Брайкович, украйн Андрей Гривко, эстондық майталман Танел Кангерт және жерлестеріміз Максим Иглинский мен Андрей Зейцтің жолы түсіпті.  21 күнге созылатын  велододаның  жарыс жолы биыл 3319 шақырымды құрап отыр.