Спорт жаңалықтары

Ойынның басталғаны да сол екен қақпа алдындағы қарбаласты епті пайдаланған Брэндон Боченски осы маусымдағы ең  «шапшаң голдың» авторы атанды. Бары-жоғы  22-секундтың ішінде есеп ашып үлгерген айдын иелері  шабуылды одан әрі үдете түсті. Бірақ  таблодағы көрсеткіш көпке дейін өзгеріссіз қала берді. Дегенмен  жеңіске деген жігерлік танытқан астаналықтар,  ойын соңына дейін қарсы қақпаға тағы төрт шайба соға білді.  Омбылық хоккейшілердің бар тапқаны екі гол болды. Астанадағы сәтсіздіктен  кейін «Авангардтың» бас жаттықтырушысы Петри Матикайн бірден  отставкіге кеткен. Ал «Астана» тұрақты чемпионаттағы кезекті ойынын 19- қыркүйекте Ханты-Мансийскіде  жергілікті «Юграға» қарсы өткізеді.    

Көптен күткен чемпиондар лигасының алғашқы топтық кездесулері ойналды. Орталық матчта Ливеркузендік “Байерді” қабылдаған “Манчестер Юнайтед” өз жанкүйерлеріне керемет сый жасады. Өзге де кездесулерде соғылған голдар аз болған жоқ.

Үлкен футболды сағынған “Олд Траффорд” стадионы чемпиондар лигасының жаңа маусымын қарсы алды. “Байерді” қабылдаған манчестерліктер кездесуді ширақ бастады. 22-ші минутта Патрис Эвраның пасын қақпада тулатқан -Уэйн Руни. Үзілістен кейін қонақтар қақпа алдындағы қарбаласта Симон Рольфестен көз жазып қалды. “Байер” шабуылшысының айып алаң сыртынан шиіре тепкен добы қақпадан табылды. Бірақ таблодағы тең есеп көп тұрмады. Арада бес минут өткенде голландиялық шебер Робин Ван Перси 59-шы минутта алаң иелерін алға шығарды. Ал Екінші таймның ортасында қақпашымен бірге-бір шыққан Руни ливеркузендік голкиперді тағы бір мәрте шаң қаптырды. Қалған уақытта Антонио Валенсия есепті 4:1 ге жеткізді. Кездесу соңына қарай босаңсыған “Манчестер Юнайтед” қорғаушылары Эмер Топракқа тосқауыл бола алмады. Қортынды есеп 4:2.


Бірнеше сағат бұрын теннистен “Дэвис Кубогының” жеребе тарту рәсімі болып өтті. Біздің құрама ақпан айында Астанада Бельгия командасымен кездеспек.