СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Осы голдан кейін тайлы-таяғымен  алға ұмтылған айдын иелері көпке дейін таразы басын теңестіре алмай дал болды. Шиеленісті өткен  кездесудің екінші бөлігінде екі жақтың да қорғаныс шебі сыр бере қоймады.  Алайда қонақтардың қақпасын қайта-қайта нысынаға алумен болған  «Бейбарыс»    шешуші кезеңде «Горнякті» қатарынан екі рет қапы қалдырды.  Айдын иелеріне жеңіс  сыйлаған қос шайба да Михаиликтің есенбінде. Осы турда «Алматы» өз айдынында 2:3 есебімен «Арыстаннан» ұтылса,  Астаналық командалар  арасындағы   дербиде  ірі есеп тіркелді. Бұл ойында  «Астана» клубының хоккейшілері 6:2 есебімен   «Номадты» айқын ұтты.

 

 

Чемпиондар лигасының екінші ойын күні күтпеген есептер аз болған жоқ. “Стемфрд Бриджға” қонаққа барған “Базель” “Челсиды” жерге қаратса, өткен маусымда чемпиондар лигасының финалында өнер көрсеткен дортмундттық “Боруссия” сырт алаңда “Напиолиға” есе жіберді.

Португалдық маман Жозе Моуринью баптайтын “Челси” биылғы еврокубокты сәтсіз өткізуде. Алма кезек шабуылмен басталған кездесуде қос команда да айтарлықтай басымдық танытқан жоқ. Дегенмен үзіліске шығар алдында мергендігімен көзге түскен “Челси” жартылай қорғаушысы Оскар жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Екінші таймда ойында айтарлықтай өзгеріс орын ала қойған жоқ. “Ақсүйектердің” ойын мәнеріне бой үйреткен қонақтар біртіндеп шабуылға да шыға бастады. Сондай сәттердің бірі голға ұласты. Комбинациялық шабуылға нүкте қойған Мұхамед Салах. Ал кездесу аяқталарға он минут қалғанда бұрыштама добына бірінші жеткен Марко Штреллер қортынды есепті орнатты.

Соңғы жылдары неміс футболының маңдай алды командасының біріне айналған дортмундттық “Боруссия” бұл күні Италияға сапар шекті. Жергілікті “Наполимен” шеберлік байқасқан Юрген Клопп шәкірттері өткен жылдың нәтижесін қайталауға бекінген. Бірақ алаң иелері оңай шағылар жаңғақ емес екендігін анық аңғартты. 29-шы минутта айып алаң ішіне әуелеп жеткен допты қақпада тулатқан Гонсало Игуаин болатын. Үзілістен кейін 67-ші минутта айып добын шебер орындаған Лоренцо Инсинье есепті еселеді. Таблодағы есеп көпке дейін өзгеріссіз болған. Бірақ соңғы минуттарда абайсызда допты өз қақпасына бағыттаған Хуан Суньига автогол иесі атанды. Қортынды есеп 2:1 “Наполидың” пайдасында.       


 

 

Бүгін түнде футбол сүйер қауымды ұйқысыз түн күтіп тұр. Өйткені қарағандылық “Шахтер” еуропа лигасының топтық кезең аясында грекияның “ПАОК” командасымен кездеспек. Қазірде футболшылар толық құраммен маңызды матч алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Виктор Кумыков шәкірттері қазақ футбол тарихында  тұңғыш рет еурокубоктың топтық кезеңінде доп теппек. Сондықтан “Шахтер” футболшыларының барлығы аянып қалмасы анық. Дегенмен бұл жұпта “ПАОК” фаворит екендігі белгілі. Қарсылас құрамында тәжірибелі ойыншылар да аз емес. Мәселен Мирослав Стох пен Димитрис Салпингидис, Томаш Нецид пен Костас Кацуранистер еуропада аты шыққан футболшылар. Ал білікті бапкер Хууб Стеванс “Шахтер” қорғанысын бұзатынына сенімді. Отандық команданың еуропадағы тартысын сіздер біздің арнадан түнгі сағат 1:05 те тікелей эфирден тамашалай аласыздар.