СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Бірақ жоғары дайындықпен келген теміртаулықтар оңай берілмеді. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталған. Буллит сериясында Антон Дубинин “Арыстанға” жеңіс сыйлады. Ал бұл айналымда рудныйлық  “Горняк” пен өскемендік “Торпедо” арасындағы кездесу соғылған голға бай болды. Бұл бәсеке 8:6 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Павлодарлық “Ертісте” өз мүмкіндігін құр жіберген жоқ. Астананың “Номад” командасымен кездескен олар 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

 

Алматыда шаңғымен трамплиннен секіруден әлемдік гран-придың жетінші кезеңі мәресіне жетті. Мәртебелі додада Словениялық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында Словениялық Матьяз Пунгертар үздік нәтиже көрсетсе, оның отандасы Ерней Дамьян екінші орынға тұрақтады. Ал үштікті жапон Рерюхи Симицу түйіндеді. Ал әйелдер арасында жапондық Сара Таканаси алғашқы орыннан көрінді. Словениялық Катя Позун мен канадалық Ацуко Танака тиісінше екінші үшінші орында. Өкінішке орай қазақстандық спортшылардың ешқайсысы тұғыр төріне көтеріле алған жоқ.