СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Осыдан екі жыл бұрын Астана төрінде бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын абыроймен атқарып, ұлтымыздың мәртбесін бір көтеріп тастағандық. Мына кадрлар  сол Астанадағы чемпионаттың ашылу салтанатынан түсірліген көріністер. Осы салтанатқа куә болған шетелдік қонақтар,  қазақтың өнері мен салт-дәтсүріне , өзіндік қайталанбас болмысына  тамсана отырып қол соғып еді.  Сол кезде, бұл  тойдың тек алды ғана, ал қолымызға   ерлер арасындағы әлем чемпионаты тисе,  қазақтың кім екенін сонда көресіңдер деп  қиялға  берілгенбіз.  Міне, сол арман орындалып, еншімізге ересектер додасы да бұйырды. Алматыдағы Балуан Шолақ сарайына жиналған мыңдаған  жан,  жарыстың ашылу салтанатынан үлкен бір керемет күткендей дамылдаған. Бірақ бәрі біз ойлағаннан  бөлек болып шықты. Жұртты лазерлік –шоумен алдаған қойылымның соңы,   шығыс әуеніне ұқсайтын өзіндік креативті құрама бимен әрленіпті. Бір сөзбен айтқанда ұлттық дүниемізден жұрдай шоу  жүрекке оқтай қадалды.  Жалпы  ашылу салтанаты, әлемдік форумдарды  қабылдаушы елдің  келбетін ашатын  қойылым.  Сонда Балуан Шолақ сарайында өтіп жатқан чемпионаттың қожайыны кім болып шықты. Соны біле алмай кеттік.   Боксшыларымыз алтыннан тау үйсе де бұл олқылықтың орны сірә тола қоймас.

 


Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Ирландиямен кездеспек. Бұл матч Астана уақытымен түнгі сағат 00:45 те басталады. Ал Ереванда Армениямен шеберлік байқасқан 21 жасқа дейінгі футболшыларымыз жеңіспен оралды.

Алматыда Беларустарға есе жіберген жерлестерімізге ұпай ауадай қажет болған. Алғашқы таймның ортасында оң қанатпен ұйымдастырылған шабуыл нәтижелі аяқталды. Абзал Бисебеков бірнеше ойыншының арасынан тамаша пас шығарған. Допқа бірінші жеткен Роман Мұртазаев есеп ашты. Екінші таймның басында қазақстандық қорғаушылар өрескел қателік жіберді. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеген Давид Акопян таразы басын теңестіріп кетті. Кездесудің 72-ші минутында қазақстандықтар жеңіс голын соқты. әуелеп жеткен допты қақпада тулатқан Абзал Бисебеков болатын. Қортынды есеп 2:1. Алты ұпай еншілеген құрамамыз қазір өз тобында үшінші орынға көтерілді.