Спорт жаңалықтары

Бәсекені сәтті бастаған айдын иелері  алғашқы үзіліске дейін үш шайба соғып үлгерді. Сергей Шмелев екі рет мергендік танытса, тағы бір голды Игорь Радулов салды.  Кездесудің екінші  бөлігінде  «Атлантаның» қорғаныс шебінен саңлау тапқан Найджел Доус таблодағы есепті қысқартқандай болған. Бірақ  шешуші кезеңде  жауапасыз қос шайба соққан реселіктер  «Барыстан»  бағын асырып кетті.  Бүгінгі сәтсіздіктен кейін «Барыс»  94 ұпаймен өз конференциясында екінші орынға тұрақтады.  Көш бастап тұрған  Магнитогорскілік «Металлургтің» есебінде 100 ұпай. Астаналық хоккейшілер келесі ойынды  28-ші ақпан күні Санкт-Петербургте жергілікті  армияшылар клубына қарсы өткізеді.     

Футболдан чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында Германияда жергілікті “Шалькемен” кездескен мадридттық “Реал” 6:1 есебімен қарсыластарын тас талқан етті. Карим Бензема, Криштиану Роналду, және Гарет Бэйлдың дубльдеріне Клаас-Ян Хунтелар жалғыз доппен жауап қайтарды.

Германиядағы матч корольдік клубтың айқын басымдығымен өтсе,  Стамбулдағы бәсеке тартысқа толы болды. Кездесуді ширақ бастаған лондондықтар 9-шы минутта есеп ашты. Комбинациялық шабуылға нүкте қойған Фернандо Торрес. Үзіліске дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Алма кезек шабуылмен өткен екінші таймда алаң иелерінің жолы болды. 65-ші минутта Уэсли Снейдердің бұрыштамадан көтерген добына бірінші жеткен Орельен Шерджу таразы басын теңестіріп кетті. Қалған уақытта есеп өзгеріссіз қалды. Ширек финал жолдамасы 18-ші наурызда өтетін қарымта матчта белгілі болады.               


“КТК” арнасында үлкен футбол бүгін де жалғасын таппақ. Еуропа лигасы аясында осы кеште 8 кездесу жоспарланған. Германиялық “Айнтрахт” өз алаңында португалияның “Порту” командасын қабылдаса, “Днепр” “Тоттенхэмға” қонаққа барады.

Алғашқы бәсекеде германиялық клуб сырт алаңда 2:2 есебімен тең түскен. Енді португалдықтар сол кездесуде кеткен кемшіліктерді жоямыз деп отыр. Ал украинада “Тоттенхэмді” 1:0 есебімен ұтқан “Днепр” футболшылары керек нәтижені ұстап қалуға ниетті. “Айнтрахт” пен “Порту” арасындағы матчты түңгі сағат 12:00 де біздің арна тікелей эфирде көрсетеді. Ал осы кездесу аяқталысымен “Тоттенхэм” мен “Днепр” арасындағы тартысты жіберіп алмаңыздар.