Спорт жаңалықтары

Сырт алаңда “Арсеналды” 2:0 есебімен ұтқан “Бавария” ширек финалға шығуға бір табан жақын. Десе де еуропаның маңдай алды командалары арасындағы тартысты болжау мүмкін емес. Қонақтар сапында Абу Диаби, Аарон Рэмси, Джек Уилшир сынды футболшылар алаңға шықпайды. Ал “Баварияның” негізгі құрамның белді футболшылары алдағы бәсекеге тас түйін дайын. Италиядан жеңіспен оралған “Атлетикода” керек нәтижені ұстап қалуға ниетті. Біздің арнаның көрермендері түңгі сағат 1:45 “Бавария” мен “Арсенал” арасындағы тартысты тікелей эфирде көре алады.   

Питерлық клуб бапкерсіз қалды. “Зениттің” бас жаттықтырушысы Лучано Спалетти қызметінен босатылды. Соңғы ойындарда керек нәтижеге қол жеткізе алмаған ресейлік клуб осындай қадамға барған.

“Зениттің” тізгінін 2009-шы жылы алған 55 жастағы маман осыған дейін екі мәрте Ресей чемпионы атанған. Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында дортмундтық “Боруссияға” 4:2 есебімен жол берген “Зенит” қатаң сынға ұшыраған болатын. Ал ішкі чемпионаттың соңғы турында “Томьмен” тең ойнаған питерлықтар турнир кестесінде екінші орында. Әзірге италиялық жаттықтырушының орнын Сергей Семек басты. Бас бапкердің қызметін уақытша атқаратын ол осы сенбі “ЦСКА” ға қарсы ойнайды.   


Робин Ван Перси “Манчестер Юнайтедтен” жақын арада кетуі мүмкін. Келісім шарт бойынша голландиялық өзге де клубтармен келіссөз жүргізуге мүмкіндігі бар.

Бас бапкер Дэвид Мойестің тактикасын құптамайтынын Ван Перси бірнеше рет мәлімдеген. Енді талантты шабуылшы егер “Манчестер Юнайтед” чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінде сүрінсе, командадан кетпек. Бейресми ақпаратқа сәйкес ол келесі маусымда “Арсеналға” оралуы мүмкін. Сондай-ақ 30 жастағы ойыншыға италиялық “Ювентуста” қызығушылық білдіруде. Естеріңізге сала кетсек, осы маусымда голландиялық 17 матчта 11 гол соққан болатын.