Спорт жаңалықтары

Кезекті ойын күні жерлестеріміз Беларусь елінен келген құрдастарымен күш байқасты. Аса шиеленісті өткен кездесудің  16- минутында  белаурсь Данил Карабань  өз командасын алға шығарды. Таразы басын теңестіру үшін біздің хоккейшілерге біраз тер төгуге тура келді. Тек ойын аяқтаулға екі минуттай қалғанда  қарсы қақпадан саңлау тапқан Семен Кошелев, ойынды овертаймға аударды. Бірақ қосымша уақытта да  жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Не керек буллитке жүгінген  бәсекеде  Беларусь құрамасы жеңісті жұлып кетті.  

 

Мадридтық “Реал” Король Кубогын жеңіп алды. Финалда “Барселонамен” кездескен Карло Анчелотти шәкірттері 2:1 есебімен жеңісті тойлады. Валенсиядағы “Месталья” стадионында өткен матчқа Криштиану Роналду қатысқан жоқ.

Оған қарамастан шабуылда ширақ ойнаған “Корольдік клуб” 11-ші минутта Анхель Ди Марияның көмегімен есеп ашты. Каталондықтар жауап голын тек екінші таймда соқты. Бұрыштамадан жеткен допты қақпада тулатқан Марк Бартра. Тең есеп матчтың 85-ші минутына дейін сақталды. Кезекті шабуылда “Барселона” қорғаушысын шаң қаптырған Гарет Бейл “Реалға” маңызды жеңіс сыйлады. Мадридтық клуб испания кубогын осымен 19-шы рет басына көтеріп отыр.    

 


Ал футболдан Грекия кубогы жолында “ПАОК” пен “Олимпиакос” арасындағы матч бір сағатқа кешігіп басталды. Басты себеп жергілікті жанкүйерлердің от шашуы.

Қос команда алаңға шыққаннан трибуна қызыл отқа оранды. Өзімен бірге пиро-техниканы ала кірген көрермендер футболшылардың  өміріне қауіп төндіргені анық. Бірақ ешкім зардап шекпеді. Жағдайды бақылауда ұстаған полиция алаңды қоршауға алып жанкүйерлерді сабырға шақырды. Бір сағатқа шегерілген кездесуде алаң қожайындары 1:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторы Стефанос Атанасиядис.