Спорт жаңалықтары

Испания чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жүрген «Атлетико», Чемпиондар лигасында ұтып алуға ниетті. Ал ағылшын премьер-лигасында чемпиондық атақтан үміт үзілген «Челси» бар күшін «Атлетикоға» қарсы ойында жұмсамақ. Деседе Лодондық клуб сапында жасыл алаңға шабуылшы Самюэль Это және қорғаушы Бранислав Иванович шыға алмайды. Сонымен «Атлетико» мен «Челси» арасындағы матчты бүгін біздің арнадан түнгі сағат 00:45-те тікелей эфирде жіберіп алмаңыздар.

 

“Манчестер Юнайтедтің” бас бапкері Дэвид Мойес ақыры отставкаға жіберілді. Биылғы маусымда команда тізгінін ұстаған шотландиялық маман бұл қызметте көп отырмады. Себеп те жоқ емес. Примьер лигада манчестерліктер не бары 7-ші орында.

Сэр Алекс Фергюсонның орнына тағайындалған 50 жастағы Мойес өзіне жүктелген міндеттің үдесінен шыға алмағаны анық. Тіпті 19 жыл қатарынан чемпиондар лигасына қатысып келген “қызыл сойқандар” келер жылы мәртебелі турнирға да қатыса алмайды. Енді бас бапкердің міндетін уақытша 40 жастағы жартылай қорғаушы Райан Гиггз атқармақ. Болашақта “Манчестер Юнайтедке” Луи ван Гал мен Хосеп Гвардиола сынды мамандар келуі де ғажап емес.    

   


Голландияда  «Амстел Голд Рейс» велододасы мәресіне жетті.  251 шақырымды құраған жарыс жолында бельгиялық шабандоз Филипп Жилбер үздік шықты.

Көмбеге үш шақырым қалғанда суырылып алға шыққан Жилбер, сол бойы өзгелерге қарасын көрсет кетті. Отандасына бес секунд ұтылған  Йеле Ванендерт мәре сызығын екінші кессе, аустралиялық Саймон Герранс үшінші нәтиже көрсетті. Соңғы белеске дейін алдыңғы лектен табылған «Астананың» өкілі Энрико Гаспаротто, сегізінші орынды місе қылды. Ол бүгінгі жарыстың жеңімпазына 10 секунд ұтылды.