Спорт жаңалықтары

Стамбұл көшелері арқылы өрбіген  121 шақырымдық  кезеңнің тағдырын мәре алдындағы спринттік бәсеке шешіп берді. Бұл тартыста   «Омега-Парманың»  лидері  ағылшын  Марк Кавендиш үздік шықты. Екінші жүлде италиялық велошабандоз Элиа Вивианидің қанжығасында кетті. Сегіз кезеңнің қорытындысы бойынша «Түркия турының» бас бәйгесін ағылшын Адам Йейтс иемденді. Эстониялық Рейн Таарамае  екінші, ал француз Ромэн Арди тұғырдың үшіншісатысына көтерілді.  

 

Алматыда таэквондодан жас жеткіншектер арасында республикалық турнир мәресіне жетті.

Ізбасар Бозаевты еске алуға арналған турнирға еліміздің түкпір-түкпірінен 200 ге тарта өрендер қатысты. Татамида бар білгенін ортаға салған балғын спортшылар аянып қалған жоқ. Десе де командалық есепте алдына жан салмаған алматылық таэквондошылар командалық бірінші орынды иеленді. 

 


Футболдан Испания чемпионатында жиеленіс жоғарылай түсті. 36-шы турда көшбасшылардың барлығы ұпай жоғалтты. “Атлетико” сырт алаңда “Левантеге” жеңілсе, “Барселона” “Хетафемен” тең ойнады.

Ал мадридттық “Реал” осы айналымда “Валенсияны” қабылдаған болатын. Қорғаныста сауатты ойнаған қонақтар бірінші таймның соңында Жереми Матьенің көмегімен алға шықты. “Корольдік клуб”  59-шы минутта жауап добын соқты. Гол авторы Серхио Рамос. Алайда “Реал” қорғанысынан саңлау тапқан Даниэль Парехо 65-ші минутта есепті 2:1 ге жекізді. Чемпиондықтан дәмелі мадридттықтар тек қосымша уақытта таразы басын теңестіріп кетті. Анхэль Ди Марияның пасына бірінші жеткен Криштиану Роналду болатын.