Биылғы «Джирода» осымен үшінші рет жеңіске жеткен Буанни өзінің спринтерлік шеберлігін тағы да танытты. Италиялық Джиакомо Ниццоло мәре сызығын екінші қиса, аустралиялық Майкл Мэттьюс үшінші нәтиже көрсетті. «Астана» велоклубының өкілі Фабио Ару бұл жолы жиырма алтыншы орынды місе қылды. Жалпы есепте әзірге аустралиялық Кадэл Эванс көш бастап келеді. Екінші орындағы колумбиялық Ригоберто Уран мен Кадэл Эванс арасындағы уақыт айырмашылығы 57 секундқа тең. Генеральдық тізімдегі үздік үштікті әзірге поляк Рафал Майка түйіндеп тұр.
Қазақстандық тенисші Зарина Дияс францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан турнирдың ширек финалына жолдама алды. Екінші айналымда хорват Айла Томляновичпен кездесен отандасымыз қарсыласын екі сетте ұтты.
Бірінші партияда ширақ қимылдаған Зарина 6:4 есебімен лайықты жеңіске жеткен. Бірақ екінші сетте әлемнің 71-ші ракеткасы оңай берілмеді. Десе де тай-брейкке ұласқан бәсекеде Зарина 7:4 есебімен жеңіске жетті. Енді 20 жастағы қазақстандық тенисші әлемнің 59-шы ракеткасы америкалық Кристина МакХэйлге қарсы ойнайды.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының ширек сынында өнер көрсететін командалар құрамы толық белгілі болды. Топтық кезең аясындағы соңғы матчтың бірінде Ресей 2:1 есебімен Беларусьті ұтса, француздар Чехия құрамасына есе жіберді.
Өз тобындағы қарсыластарын түгел ұтқан Ресей, алдағы ширек финалда Францияны сынаққа алады. Чемпионат қожайыны Беларусьқа Швеция құрамасы тап болса, жартылай сынның тағы бір жолдамасын Чехия мен АҚШ сарапқа салады. Ал төртінші ширек финалдық жұпты Сочи олимпиадасының чемпионы Канада мен сол доданың қола жүлдегері Финляндия құрады. Ширек сын матчтары 22 –інші мамыр күні өтеді.