Спорт жаңалықтары

2 сағат 22 минутқа созылған үш сеттегі бәсеке 7:5, 7:6 және 6:4 есебімен әлемнің екінші ракеткасы серб Новак Джоковичтің пайдасына шешілді. Чехияның үздік теннисшісі Томаш Бердых ширек сында мүлт кетті. Тәжірибелі шебер 3:6,2:6 және 4:6 есебімен латвиялық Эрнест Гульбистен ұтылды. Ригалық теннисші үшін бұл үлкен нәтиже. 25 жасар Гульбис тұңғыш рет «Үлкен Дулығаның» жартылай сынына жолдама алды. Алдағы жартылай финалда Эрнест Гульбис Новак Джоковичпен күш сынасады. Канадалық Эжени Бушар аса шиеленісті өткен матчта испаниялық Карла Суарес-Наварроға дес бермеді. Үйеңкі жапырақ елінің өкілі алдағы мачты Ресей теннисінің үздігі Мария Шараповаға қарсы өткізеді.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы жерлесіміз Геннадий Головкинге осы версияның экс-чемпионы Дэниэл Гилмен кездесуге рұқсат берді. Мұның алдын WBA Головкиннің Джаррод Флетчермен күш сынасатыны жөнінде шешім қабылдаған еді.

Бірақ HBO арнасы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы ұсынған кандидатураны қолдай қоймады. Оның қожайындары Джаррод Флетчерді әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилмен алмастырғанды жөн көрген. Бұл мәселеде теелеканал Гил мен Головкин арасындағы жекпе-жекке деген қызығушылықтың жоғары болатынын ескергені айдан анық. Сонымен 26- шілде күні Нью-Иорктегі Madison Gardenаренасында жерлесіміз Геннадий Головкин 33-жастағы аустралиялық боксшы Дэниэл Гилмен кездесетін болады.