Спорт жаңалықтары


 

Шайбалы хоккейден астананың “Барысына” жаңа бапкер тағайындалды. Жақында қызметінен бостылған Фин маманы Ари Пекка Селинның орнына ресейлік Андрей Назаров келді.

Келісім шарт бір жылға жоспарланған. 40 жастағы бапкер Украинаның “Донбасс” клубын жаттықтырған болатын. Ол өз командасымен Гагарин кубогының батыс конференциясында жартылай финалға дейін жеткен. Бүгінде украиналық клуб елдегі қиын жағдайға байланысты алдағы маусымда Құрлықтық Хоккей Лигасына қатыспайтын болды. Ал “Донбасс Аренасын” белгісіз біреулер өртеп кеткен болатын. Жаңа бапкер Андрей Назаров болашақта Қазақстандық хоккейшілерге баса назар аударып, команданың ойынына тың дүниелер енгізетінін жеткізді.