Спорт жаңалықтары

 

“Астана” велокомандасының өкілі Франческо Гавацци көпкүндік дода “Швейцария Турының” алтыншы кезеңінде үшінші нәтиже көрсетті. 183 шақырымды құраған бұл кезеңде “Омега Фарм-Куйк Степ” командасының өкілі италиялық Маттео Трентин мәре сызығын бірінші кесті.

Ол мәре алдындағы спринттік бәсекеде өзінің отандасы Даниэлье Беннаттидің алдын орап кетті. Жалпы командалық есепте отандық команданың жағдайы мәз емес. “Астана” сапындағы ең жоғары нәтиже Энрио Гаспароттоға тиесілі. Ол 34-ші орында. Ал жалпы есептің лидері германиялық Тони Мартин.