Михайл Кукушкин Уимблдонның үшінші айналымында Рафаэль Надальға есе жіберді. Тай-брейкке жалғасқан бірінші сет жерлесіміздің пайдасына шешілгенімен, одан әрі корттағы ойын басқаша өрбіді.
Асып-саспаған әлемнің бірінші ракеткасы қалған үш кезеңде , Кукушкинге бары-жоғы үш –ақ гейм берді. Қорытынды есеп 7:6, 6:1,6:1, 6:1. Осы матчты тамашалағандар қатарында әйгілі футбол баһадүрі Дэвид Бекхэм болды. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер үшінші айналымда колумбиялық Сантьяго Хиральдоға дес бермеді. Үш сеттегі есептің нәтижесі 3:6. 1:6 және 3:6.