Спорт жаңалықтары

Спринтерлер бәсекесінде  Марсель Киттельдің жолы болса, словак Петер Саган екінші,  ал аустралиялық Марк Реншо үздік үштікті түйіндеді. Мәре сызығын 29 рет  кескен «Астананың» капитаны Винченцо Нибали, үстіндегі лидердің сары жейдесін сақтап қалды.  Оның соңын алып келе жатқан Петер Саган мен бельгиялық Грег Ван Авермет біздің шабандоздан әзірге екі секундтай қалып келеді.  Үш күн бойы Тұманды альбионды кес-кестеген велодода ,  бүгін өзінің тарихи отаны Францияда жалғасын табады.  

 

Бүгін түнде футболдан   әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді.  Күллі әлем көз тіккен  бұл ойында  Бразилия мен Германия күш сынасады.  Бразилия әлемнің бес дүркін чемпионы десек, неміс футболының да жетісітігі бір төбе. Олар әлемдік додада үш рет топ жарған команда.

Бүгінгі бәсекеге деген қызығушылық өте жоғары. Статистикаға жүгінсек екі құрама  осыған дейін өзара 21 мәрте кездесіпті. Төрт кездесуде немістердің жолы болса, он екі  матч  Бразилияның пайдасына шешілген. Қалған бес бәсекеде тең  нәтиже тіркелген. Бразилиядағы мундиальда екі команда да  әзірге жеңіліп көрген жоқ.  Дегенмен плей-офф кезеңінде қос  құрамаға да   тер төгуге тура келді.  Алаң иелерінің бүгінгі жауапты матч алдындағы жай-күйі мәз емес.  Жарақат алған Неймар төсекке таңылса, сары қағаздың кесірі   Тиаго Сильваға тиіп отыр.     «Неміс машинасының» сапында айтарлықтай өзгеріс жоқ. 

 


Қазақстан баскетбол тарихында «Астана» клубы тұңғыш рет «ЕУРО ЧЕЛЛЕНДЖДЕ» өнер көрсетеді. Мәртебелі додаға қатысатын командалар саны отыз екі. Мюнхенде өткен жеребенің нәтижесі бойынша «Астана» клубы «Д» тобында бақ сынайтын белгілі болды.

Астаналық гулливерлерге бұл топта Ресейдің «Автодор», Түркияның «Тофаш» және румыниялық  «Орадея» клубтары қарсы тұрады. Өз тобында алғашқы екі орынды иеленген командалар келесі раундқа жолдама алады. Еурочеллендж турниріндегі алғашқы матчты жерлестеріміз өз алаңында өткізеді.  Дәлірек айтсақ  4-қараша күні астаналық гулливерлер  «Орадея» клубын қабылдайды.