Спорт жаңалықтары

Бұл жұпта испандықтар айқын фаворит саналған. Алғашқы таймның басында алаң иелері бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырған. Бірақ Станимир Стойлов Шәкірттері қонақтарға лайықты қарсылық көрсете алған жоқ. Бірінші таймның соңына қарай Кани есеп ашты. Үзілістен кейін «Вильярреал» «Астана» қорғаушыларын тағыда сан соқтырды. Бұл жолы мексикалық Джовани Дос Сантос мергендік танытты. Ал кездесудің соңына қарай Марио Гаспар қортынды есепті орнатты. 3:0 Испандықтардың пайдасында.

«Ақтөбе» футболшылары да Еуропа Лигасының плей-офф бәсекесін сәтсіз бастады. Владимир Газзаев шәкірттері польшаның «Легия» клубына 1:0 есебімен жол берді.

Бірінші таймда алма кезек шабуылдаған қос команда тең ойын өрнегін көрсетті. Десе де «Селтик» сынды азулы команданы ұтқан қонақтар сауатты қорғанып, өткір шабуылдай білді. Нәтижесінде екінші таймның басында Дуда «Легияның» жеңіс голын соқты. Қалған уақытта «Ақтөбе» футболшылары қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Енді бір аптадан кейін Газзаев тәлімгерлері сырт алаңда қарымта матч өткізеді.