Спорт жаңалықтары

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Александр Недовесов, US оупендегі екінші кездесулерін өткізеді. Зарина америкалық Кэтрин Беллиспен ,ал Недовесов француз Жо-Вильфрид Цонгамен күш байқасады.

Нью-Иорк корттарында әлемнің үздік теннисшілері әзірге өзгелерге дес берер емес. Ресейлік Мария Шарапова үш сағатқа созылған бәсекеде румыниялық Александра Дулгеруден басым түсті. Есеп 4:6, 6:3 және 6:2. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер  турнирдің бірінші айналымында аустралиялық Маринко Матошевичтен алда болды.  Үш сеттегі ойын 6:3,6:4,7:6 есебімен швейцариялық шебердің жеңісімен аяқталды.  Оның отандасы Станислас Вавринканың да   екпіні күшті. Бразилиялық Томаш Белуччиді ұтқан  швейцариялық теннисші  жарыстың үшінші айналымына жол тартты.    

 

Вуэльтаның 5-кезеңінде  жеңімпазға бары-жоғы бес секунд ұтылған астаналық шабандоз Фабио Ару, генеральдық тізімде 21 орынға тұрақтады. Ал 164 шақырымды құраған  бүгінгі доданың  бас бәйгесін  неміс Джон Дегенкольб иеленді.

Франциялық спринтер Насер Буанни мәре сызығын екінші кессе,  голландиялық Морено Хофланд үшінші орыннан табылды. Бүгінгі  кезеңнің нәтижесі жалпы есептегі жағдайға айтралықтай әсерін тигізе қойған жоқ.  Көш тізігіні әлі де аустралиялық  Майкл Мэттьюздің уысында. Лидерден   8 секундқа қалып келе жатқан колумбиялық    Найро Кинтана әзірге бұл тізімде екінші тұр. Үшінші орынға жайғасқан испаниялық Алехандро Вальверде мен лидер арасындағы уақыт айырмашылығы  15 секундқа тең.  

 


Шайбалы хоккейден  Қазақтан кубогы аясындағы кезекті матчта  «Астана» клубы Теміртаудың «Арыстанынан» ұтылып қалды.

Кездесудің 7- минутында Куклиннен жеткен пасты қақпаға дәл бағыттаған Логинов «Астананы » алға шығарды.  Алма-кезек шабуылға ұласқан екінші кезеңде алаң иелері  қос гол соқса, астаналық хоккейшілер тек бір шайбамен шектелді.    Үшінші жиырма минуттық   жауапсыз үш гол салған   «Арыстан»  жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады.   Қорытынды есеп 5:2. Теміртаулық қорғаушы Алексей Петушков бүгінгі ойында қос голдың авторы атанды.