Жаттықтырушы Айгүл Тоқтарбайқызы бүгін Алматыдағы Олимпиадалық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.
«Биыл спорттық гимнастика тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға 2 спортшымыз қатысты. Олар - Мөлдір Әзімбай мен Степан Горбачев. Көпсайыс пен дәрежелік сайыстардан бәсеке ерлер арасында 28 шілдеде, ал әйелдер арасында 29 шілдеде өткен болатын. Олимпиадаға биыл тұңғыш рет қатысып отырған М.Әзімбай бірқатар қателіктер жіберіп, жарыстың келесі кезеңіне өте алмады», - дейді А.Тоқтарбайқызы.
Оның айтуынша, енді басты үміт дәрежелік сында отыздыққа енген С.Горбачевте. Ол 1 тамызда болатын финалдық ойындарда бақ сынайды.