Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгінде "Спутник V" вакцинасы дельта штамымен күресуде ең тиімді нәтижелерді көрсетті. Ресейлік ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, дельта штамына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз болды", - деді Мурашко.
Оның айтуынша, вакцина коронавирустан болатын ауыр жағдайдан 95 пайыздан аса қорғайды.
Еске салайық, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы 11 тамызда Гамалея атындағы орталықта COVID-19-дың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Ол "Спутник V" деп аталды. Вакцина адамның аденовирус векторларының зерттелген және тексерілген платформасында жасалған.