"Спутник V" жануарларды да COVID-19-дан қорғайды - ғалым

Бұл туралы "Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының" директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина жануарлар мен адамдар арасындағы вирус айналымынан қорғайды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Адамдар жануардан коронавирус жұқтыруының ғылыми дәлелденген жағдайлары жоқ. Тек фауна өкілдері адамдардан COVID-19 жұқтырған жағдайлар тіркелген.

"Спутник V" жануарларды да жақсы қорғайтынына сенімдімін, бірақ алдымен адамдарды вакинациялау керек"
, - деді Гинцбург.

Оның айтуынша, Гамалея орталығындағы жануарларға "Спутник V" вакцинасымен барлық клиникалық сынақ өткізілген. Сондықтан ол вакцина жануарларды да қорғайтынына сенімді.

"Жануарларға арналған вакцина әлдеқайда арзан және ол да нәтижелі", - деп қосты Гинцбург.