"Спутник V" жасаушысы үшінші вакцинаның әсері туралы айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір жанама әсерлер туралы ешқандай шағымдар жоқ", - деді Гинцбург.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинацияның басталуы қарашаның III онкүндігіне жоспарланғанын хабарлады.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын өтіп, 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:

  • векторлық ("Спутник V") вакциналармен вакцинациялаған адамдар (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer)9 айдан кейін қайта вакцинацияланады;
  • белсенділігі жойылған (Sinopharm, Corona V ac, Hayat-Var, QazCovid-in) вакциналармен вакцина алған тұлғалар векторлық ("Спутник V") немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін қайта вакцинацияланады;

  • м-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинация алған адамдар ревакцинацияны инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық ("Спутник V") вакцинамен 6 айдан кейін вакцинацияланады ;
  • вакцинацияның аяқталған курсынан кейін COVID-19-мен ауырған адамдар сауыққаннан кейін үш айдан кейін үшінші егуді алады.