"Бизнесмендер бұрын белгіленгеніндей, 5 млн теңгенің орнына, 32 млн теңге алатын болады", - деп анықтады қордағылар.
Ұйымның ақпараты бойынша, қорлар енді жобаларды тікелей қаржыландырмайды, несие тек екінші деңгейдегі банктер арқылы берілетін болады. Осыған орай, қорда қаржыландырудың жаңа үлгісі жасалуда.
Қор өкілдерінің айтуынша, бұл қызмет түрімен айналысатын екінші деңгейдегі банктердің тізімі әлі бекітілмеген. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке берілетін несие шарттары өзгертілуде.
"Пайыздық ставкасы да ұлғайтылды. Егер бұрын 9-10% құраса, енді ол аздап өсті және бұл ақпарат әлі қарастырылып жатыр", - деп түсіндірді қор өкілдері.
Статистика мәліметтері бойынша, СҚО жыл басынан бері аймақтық шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының бөлімшелеріне 670 млн теңге бөлінді. Облыс бөлімшесінің қызметі кезінде 120 жобаның қаржыландыруына 1 млрд теңге жұмсалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті