СҚО әкімі бағыныштыларының жемқорлығы үшін отставкаға кетті

Сондай-ақ бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров те қызметінен алынды. Бүгін Петропавлға шұғыл ұшып барған Президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Енді аймақты 58 жастағы теміржолшы Ерік Сұлтанов басқарады. Ол бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында вице-президент болған. Ал өз еркімен отставкаға өтініш жазған солтүстіктің  бұрынғы әкімі Ескендіровтің қызметтен кетуіне қарамағындағыларының бірінен соң бірі парамен ұсталуы себеп болса керек.


Нұрлан Нығматулин, ҚР президент әкімшілігінің жетекшісі:

-Облыста бірқатар лауазымды тұлғалар жемқорлыққа қатысты айыпталып отыр. Құрылыс басқармасының басшысы қамауға алынды. Облыс әкімінің  орынбасары да істі болып жатыр. Мұны бәріңіз жақсы білесіздер.