Кездесуге ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Берік Жәкенов қатысты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінде.
Солтүстікқазақстандықтарды қызықтыратын сұрақтардың бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Петропавл қаласында кезекте 12 мыңдай адам тұр.
Ерік Сұлтанов 2015 жылы тұрғын үй тапсыру бойынша жоспар орындалғанымен, бұл шаршы метр жеткіліксіз екенін айтып өтті. Биыл енгізілетін пәтер санын 4 есеге арттыру жоспарлануда.
«2015 жылы қаржыландыру көздерінің есебінен 185 мың шаршы метр немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 131,7 пайыз енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді өңір әкімі.
Осы жылы барлығы 1067 пәтерлік 12 үй тапсыру көзделген.
Петропавл қаласының тұрғыны Гүлім Сағындықова қала әкімінен Жамбыл көшесіндегі бұзылған үйлердің орнына тұрғын үй сала ма деп сұрады.
Ерік Сұлтанов жобаға сәйкес ол көшеде тұрғын үй салу жоспарланып отырғанын түсіндірді. Атап айтқанда, «Казградстрой НС» ЖШС 12 және 16 қабатты үй және «КанСам» ЖШС 3 қабатты үй салады. Бұдан басқа, бұзылған үйлер орнына заманауи теннис орталығы мен басқа да нысандар салынады.