Әлеуметтік желілер және WhatsApp арқылы соңғы бірнеше күн бойы қайнамаған су ішпеу туралы ескерту хабарламасы таратылып жүр, себебі Сергеев су қоймасының маңындағы кәріз жүйесін су басты мыс. Кейіннен WhatsApp әртүрлі чаттары мен түрлі әлеуметтік желілерде Петропавл қаласындағы қалалық су арнасының сорғы станциясын су басып, салдарынан кәріздік суағарлар ауыз суды ластады, сол себептен оны ішуге, әсіресе қайнатпай пайдалануға болмайды деген қауесет тарады. Сонымен қатар, азаматтарды екі-үш күндік су қорын жинап қоюға шақырған, жазылған пікірлерге назар аударатын болсақ, көпшілік солай еткен. "Сапасыз су туралы әлеуметтік желіде жүріп жатқан таратылым бойынша онда ешқандай қоспа жоқ. Зарарланбаған ауыз суы жоқ, қаланы толқын басады деген ақпарат – арандатушылық. Билік жағдайда бақылауда ұстап отыр. Тағы да ресми түрде суды қабылдауға және кез келген оқиғаға дайын екенімізді мәлімдеймін. Су қоры бар. Біз судың "Қызылжар су" су сорғы станциясына дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отырмыз. Оған дайынбыз. Күшіміз мен қаражатымыз жетеді", — деп мәлім етті Ақсақалов. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта сорғы станциясы құрылысын нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Мен ресми түрде суды жудың ішуге жарамды екенін, онда ешқандай зиянды қоспалардың жоқ екенін мәлімдеймін. Сонымен қатар, бұл жағдайда ұпай жинап алғысы келген арандатушыларды тауып аламыз", — деп сендірді өңір басшысы.