СҚО әкімі Петропавлдағы әлеуметтік нысандар құрылысын ерекше бақылауға алды

Жобаның құны 850 млн.теңге. Бүгінде 16 млн.теңге игерілген. Құрылыс бастапқы кезеңінде.

 «Сіздер әр ай сайын кемінде 100 млн. теңге игеруге тиіссіздер. Бүгінгі күннен бастаңыздар. Техника қайда? Жұмысты ширатыңдар, қарқынын тездетіңдер, нысан мерзімінде берілетін болсын», деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Мамандандырылған ХҚКО құрылысына мердігерлер 2014 жылғы мамыр айында кірісті. Бұл заманауи халыққа қызмет көрсету орталығы болмақ, мұнда павлодарлықтар өз автомобилін тіркетеді, куәлік алуға емтихан тапсырады, жүргізуші куәлігін алады. Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың желтоқсанына белгіленген. ХҚКО бір ауысымда 800 адамға қызмет көрсетеді.

Өңір басшысы бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған Петропавлдың құрылыс алаңдарында болды. Бұлар -  Жамбыл көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй, мердігері «Астана Жерұйық» ЖШС және Петропавлдың орталығында орналасқан «Достық» мәдени-демалыс орталығы. Құрылыс 2004 жылы басталған болатын. Ерік Сұлтанов тиісті ведомстволардың басшыларына мердігерлерді тауып, қажетті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Ерік Сұлтанов облыс орталығын жұмыс сапарымен аралаған кезінде Жастар үйі әкімшілік ғимаратының құрылысы барысымен де танысты. Өзінің орынбасарларына Жастар үйі нақты немен айналысатынын нақтылауды тапсырды.  


Тұтастай алғанда, кәдімгі кеңсе сиқты. Мұнда күн сайын 60-100 бала іспен айналысуы тиіс. Би залы, тоғызқұмалақ, шахмат, күрес залдары болуы тиіс. Бүгінде балаларға не қызықты? Ойланыңдар!. Бұл облыс аумағында жасалып жатқан жұмыс. Жұмысты ұйымдастырыңдар. 16 желтоқсанда нысан пайдалануға берілуі тиіс», - деп түйді Е.Сұлтанов.