СҚО егіндік алқаптар көлемі 380 мың гектарға ұлғайтылды

Ауыл шаруашылық департаментінің ақпараты бойынша, аймақта жанар-жағар май сұранысы 63 мың тоннаны құрайды. Әзірге оның 64% ғана орындалып отыр. Қалған отын майы сәуір-мамыр айларында жеткізілетін болады. Егілген бидайдың 97 пайызы ауыл шаруашылық сараптаудан өткізілді.

СҚО ауыл шаруашылық департаменті хабарлағанындай, "негізі егіндік жұмыстар 15-25 мамыр аралығында өткізіледі, алайда биылғы жылы көктемнің ерте келуі егіндік жұмыстарды сәуір айында жасауға мүмкіндік беріп отыр".

Биылғы жылы 2 млн гектар алқап жер гербицидтік өңдеуден өткізіледі. Алдын-ала мәліметтер бойынша алқаптардың жер қатпарларына 50 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізіледі, деп хабарлады департаменттегілер.

Облыстық ауылшаруашылық паркі 2004 жылдан бері бірнеше мың жаңа тракторға, 1600 астық жинау комбайнына, 1500 дән сепкішке, 531 егіндік кешендермен толықтырылды. Жалпы техникалық жаңартылуларға 50 млрд теңге жұмсалды. Алда болатын егіндік жұмыстарына тағы да 140 жоғары өндірістік технологиялық егіндік кешендері жеткізілетін болады.