21-22 қазанда «Қазақстан» спорт сарайының көліктер тұрағында СҚО тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімідігінің медиа орталығы.
Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің – 78 тоннасы, макарон өнімдерінің – 5 тоннасы, балдың – 13 тоннасы, сүт өнімдерінің – 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің – 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.
Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатысады.