СҚО мен Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза болды

Қазақстанда ТЖМ мәліметтері бойынша, сағат 05.30 минутта Теміртау қаласында өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылды. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 5.58 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, СҚО облысының Келлеровка кентінде 11 ақпанда сағат 15.33 минутта жайлаған өртті сөздіру кезінде, бір адамның денесі табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 5 адамы және бір техникасын жұмылдыру арқасында сөндірілді.